Список статей
Көкшетау қаласы «№ 1 орта мектеп -гимназиясы» КММ «Үздік педагог-2018» Мектеп байқауының қорытындысы

  2018 жылдың 24 ақпан күні дәстүрге айналған «Үздік педагог-2018» мектептің кезеңінің байқауы өткізілді. 

Байқаудың басты мақсаты: мектептің талантты педагогтарын анықтау, жұмыс тәсілдері мен жаңа идеялардың ізденісі, үздік мұғалімдердің педагоги калық тәжірибелерін көрсету және де шығармашылық қызметтерін қолдап, көмек көрсету. 

 Байқау екі кезеңде өтті: Сырттай кезең – өзіндік қорытындысы бар сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құру.

2. Іштей кезең үш байқаудан тұрады:

ü   «Мен – тұлғамын,мен -мұғаліммін» таныстыру карточкасы

ü  «Менің кәсіби өнерім» өзіндік презентациясы

ü  «Педагогикалық жағдайлар» байқауы.

Байқаудың қорытындысы:

1 орын – І дәрежелі Диплом, сыйлық – байқаудың жеңмпазы, физика пәнінің мұғалімі  Канатбекова Гульнара Сериковна;

2 орын – ІІ дәрежелі Диплом, сыйлық – байқаудың  лауреаты, хореография мұғалімі  Пономарева Ирина Владимировна;

3 орын - ІІІ дәрежелі Диплом, сыйлық  – байқаудың  лауреаты  тарих және география пәнінің мұғалімі, Нугуманова

Гульмира Тлегеновна.

Келесі номинациялар бойынша байқаудың қатысушылары Грамоталармен марапатталды: 

«Шеберлігі мен шабыты үшін» - бастауыш сыныптарының мұғалімі, Грот Алёна Владимировна;

«Шығармашылығы мен жасампаздығы үшін» - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Искакова Мира Амангельдиновна;

«Өзіндік кәсіби дамуға ұмтылуы үшін» - қазық тілі пәнінің мұғалімі, Ораз Зейнегуль Қудайбергенқызы;

«Әдістемелік сауаттылығы үшін» -  бастауыш сыныптарының мұғалімі, Шарипова Нургуль Искаковна.

Жеңімпаздар мен номинациялар бойынша қатысушыларды құттықтап, педагогикалық қызметтеріне  шығармашылық табыс тілейміз. Ал мектеп кезеңінің «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы Канатбекова Гульнара Сериковнаға қалалық кезеңде үздік қатысып, жеңімпаз атануға тілектеспіз! 

Автор: М.Б. Бейсенбаева
Просмотров: 189
Дата создания: 19 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 19 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос