Список статей
«Педагогикалық идея көрінісі» Республикалық видео-сабақтар байқауының Аймақтық кезеңінің қорытындысы

2018 жылдың 25 қазан күні ҰПҚО «Өрлеу» ФАО Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Институтында    «Педагогикалық идея көрінісі» Республикалық видео-сабақтар байқауының Аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салатанаты өтті. 

Байқаудың басты идеясы педагогтардың алдыңғы тәжірибелерін, жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде заманауи білім беру мен  олардың әдістемелерін тәжірибеде тиімді қолдануды көрсету мен жан-жақты насихаттау болып табылады.

 Аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша «№ 1 орта мектеп-гимназиясы» КММ  хореограф, Пономарёва

Ирина Владимировна І дәрежелі Дипломмен «Қосымша білім беруде заманауи технологияларды оқыту» номинациясы бойынша марапатталды.  

Мектеп ұжымы мен оқушылары Ирина Владимировнаға Республикалық кезеңдік байқаудың жеңімпазы болып  атануына шын жүректен тілейді!

Автор: М.Б. Бейсенбаева
Просмотров: 29
Дата создания: 27 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 27 Октября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос